Берік Уәли президенттің баспасөз хатшысы қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін ол «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалғаны хабарланды.

Айта кетейік, Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы қызметін 2019 жылғы 22 наурыздан бастап атқарды.