Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында өткен жылдың шілде айында біздің жедел қызметкерлер онлайн хабар тарататын порностудияны анықтады. Біз бұл ақпаратқа қызығушылық танытып, жарты жыл ішінде барлық қажетті іздеу шараларын жүргіздік. Нәтижесінде Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының тұрғындарын анықтадық. Сонымен қатар, оның ішінде 5 Қырғызстан және 6 Қазақстан азаматы бар. Біз оларды үш мегаполистің жалдамалы пәтерлерінде ұстадық. Ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір мүшесі өз міндетін атқарып отырған, — деді Арман Бейсенбаев.
Қазіргі уақытта соттың шешімімен барлығы 11 адам қамауға алынды. Олардан шамамен 44 мың АҚШ долларын құрайтын ақша, екі қымбат «Тойота Камри — 70» және бір «Lexus GX 460» көлігі тәркіленген.
Аталған іс, қылмыстық кодекстің екі бабы «ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастыру және оған басшылық ету» және «кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және тарату немесе оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту» бойынша тіркелді. Бұл қылмыстық топты ұйымдастырып, басқарған Қырғызстан азаматын тінту барысында одан және оның жерлестерінен есірткі заттарын тәркіледік, — полиция полковнигі.
Белгілі болғандай, қаладағы жалдамалы пәтерлерде арнайы жабдықталған 10-нан астам веб-порностудия табылды. Онда 50-ге жуық қыз жұмыс істеген. Оның ішінде кәмелет жасқа толмаған екі жасөспірім бар.
Аталған веб-порностудияның аудиториясында негізінен шетел азаматтары болған және қызмет ақысын шетел валютасымен төлеген. Қазақстанда нақты уақыт режимінде жұмыс істеген порностудия алғаш рет анықталғанын атап өткім келеді. Бүгінде бұл ұйымдасқан қылмыстық топтың трансұлттық сипатқа ие болуы мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр, — деді Арман Бейсенбаев.