Сенат қос азаматтыққа шектеу қоятын құжатты қабылдады

Бұл келісім ТМД елдерінің өкілетті органдары арасында жасалды. Құжат ақпарат алмасудың құқықтық негізін анықтайды. Келісімге 2020 жылы желтоқсанда мемлекет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылды.

Келісімді ратификациялау ТМД елдерінен азаматтықтың болуы немесе болмауы, жеке басты куәландыратын құжаттар, көші-қон есебінде тұрған адамдар, шетелдіктерге осы елдерге келуге және онда болуға берілген визалар, қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы мәліметтерді алуға болады. Аталған құжат қос азаматтықты болдырмауға мүмкіндік береді, — деді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Бұдан басқа келісім бойынша қосымша ақпаратты алуға болады. Басқа елден алынған жеке басын куәландыратын құжаттарды жоғалтқан кезде адамның кім екенін, азаматтың шетелде тұратын жерін анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін адамдарды жауапқа тарту туралы мәліметтер құқықтық көмек көрсету аясында пайдаланылуы мүмкін. Бұл ақпараттарды өкілетті органдар сұрау салу арқылы алады. Жауап мерзімі екі айдан аспауы тиіс.