Видеоны дайындаған: Бекзат Исамбергенов

Қажет ингредиенттер:

  • Сүр ет пен қазы;
  • Арпа;
  • Тары;
  • Бидай;
  • Кеспе;
  • Құрт немесе сүзбе (қатық);
  • Тұз;
  • Су.
  1. Ең әуелі қазанға су құямыз. Оған сүр ет пен қазыны салып, 2-2,5 сағат қайнатамыз. Сорпаның көбігін алып тастаймыз. Қайнаған соң тұз қосамыз.
  2. Сүр ет пен қазы піскен соң оны сүзіп алып, тураймыз. Кейін қайтадан сорпаға саламыз.
  3. Арпаны сумен шайып аламыз, кейін қайнатамыз. Шамамен 10-20 минутта піседі.
  4. Тары мен бидайды да дәл осылай бөлек дайындаймыз.
  5. Дайын дән-дақылды суытамыз. Кейін барлығын сорпаға қосып, жақсылап араластырамыз.
  6. Қолдан қамыр жайып, кеспе жасаймыз немесе дайын кеспені сорпаға салып, пісіреміз. Кеспе шамамен 5-10 минутта дайын болады.
  7. Көже суыған соң сүзбені (қатық) немесе құртты үгітіп қосамыз.

Наурызкөже дайын! Ас болсын!