19 қызметкер қаза тапты, 3 мыңнан астам полиция мен әскери қызметші жарақат алды. Көптеген қызметкер әлі де ем алып жатыр. Біразы денсаулығына байланысты болашақта қызметтерін жалғастыра алмайды. Сондықтан, қызметкерлер төтенше жағдай және терроризмге қарсы операция аясында қару қолдануға мәжбүр болды, — дейді министр мәжіліс отырысында.
Марат Ахметжанов қару қолдану «Құқық қорғау қызметі туралы» заңның 61-бабына сәйкес жүзеге асқанын айтты. Оның ішінде:
- азаматтарды қорғау;
- қызметкерлерге және күзету объектілеріне жасалған шабуылға тойтарыс беру;
- қару мен арнайы көліктерді басып алуға жол бермеу;
- және қарулы адамдарды ұстау мақсатында қолданылды.
Бүгінде полицияның тергеуінде 2 919 қылмыстық іс бар. 1 мыңнан астам күдікті қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатыр.