Марат Ахметжанов ішкі істер министрі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметінен босатылсын, — делінген жарлықта.

Айта кетейік, мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі лауазымынан босатылды.