Қаңтар оқиғасы кезінде 230 адам қаза тапты

Ел бойынша барлығы 230 адам қаза тапты, олардың арасында 19 күштік құрылым қызметкері мен әскерилер бар. Ең көп қаза тапқандар Алматыда – 139 адам, — деді Берік Асылов.

Әкімшілік ғимараттарға жасалған шабуылдарға тойтарыс беру және құқықтық тәртіп орнату барысында шабуыл жасаған 86 адамның көзі жойылды.

Көз жұмған 53 адам бойынша өлімнің мән-жайы анықталып жатыр. Олар қала аумағынан түрлі жарақатпен табылды, соның ішінде 48 – оқ жарақаты, 2 – пышақ, 3 түрлі жарақат және күйік.

Басқа жеті өңірде құқық қорғау күштері әкімдік, полиция, ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті ғимараттарын қорғау кезінде шабуыл жасаған 63 адамды өлтірді.

Дәл қазір біз абайсызда оқ тиіп көз жұмған 20 бейбіт азамат туралы білеміз. Олардың 11-і Алматыда, 8-і Алматы облысында және біреуі Таразда, — деді бас прокурор.