Қазір Алматының «жасыл» аймақта болуы коронавирус инфекциясының бесінші толқынын аяқтадық дегенді білдірмейді. Бұл әлі де жалғасып жатыр. Сондықтан бүгінгі күні маска режимін алып тастау мәселесі қарастырылмаған, — деп жауап берді Әсел Қалықова.
Айта кетейік, Алматы 27 ақпаннан бері коронавирус бойынша «жасыл» аймаққа ауысты. Инфекция жұқтырғандар саны төмендеп келеді. Соңғы тәулікте 68 адамнан коронавирус анықталды.
Барлық емделіп шығарылғандар саны – 27, келіп түскені – 22. Инфекциялық стационарларда 283 адам жатыр. Оның 10 бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 32 науқас бар.