Бүгін Бейжіңде қысқы паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді

Қазақстан қысқы паралимпиада ойындарына екі спорт түрінен қатысады. Паралимпиада ойындарында отандық атлеттер пара шаңғы мен парабиатлон бойынша бақ сынайды.

Қазақстан бойынша жалпы 5 спортшы қатысады: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин мен Денис Петренко.

Паралимпиаданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 18.00-де Qazsport арнасынан көрсетіледі.