Қазақстанның 23 жүк көлігі Украина территориясынан шықты

4 наурыздағы жағдай бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, сыртқы істер министрлігі және үшінші елдердің мемлекеттік органдары көмегімен Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды. Тағы 7 жүк көлігі Польша шекарасында, — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Украина аумағында 50-ге жуық қазақстандық жүк көлігі болғаны хабарланған болатын. Оларды қайтару үшін тасымалдаушылар тізімі жасалып, сыртқы істер министрлігіне жіберілді.