Александр Винокуров Абзал Әжіғалиевке велосипед сыйлады

Мұны Абзал Әжіғалиев Instagram-дағы парақшасында жазды.

Аңызға айналған Александр Винокуровтың үйінде. Бұл күнді көпке дейін ұмытпаймын Кешегі жазбадан кейін бір күн де өтпеді, ал бүгін түстен кейін маған бейтаныс нөмірден қоңырау шалды, бұл Александр Винокуровтың өзі болып шықты. Ол менің жазбамды оқып, олимпиададағы жоғары нәтижемен құттықтауға үйіне шақырды. Маған оның қоңырауының өзі тосынсый болды, велосипед сыйлайды деп те ойламадым, — деп жазды Азал Әжіғалиев.

Еске салайық, Абзал Әжіғалиев Бейжің олимпидасында 4-орын алды. Осылайша, Абзал Әжіғалиев әзірше қазақстандық шорт-трекшілердің олимпиададағы ең ірі жетістігін тіркеді. Бұған дейін отандық шорт-трек шеберлері олимпиадада үздік төрттікке енген емес.

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев шорт-трекші Абзал Әжіғалиевке жеделхат жолдады. Президент спортшының жеңіске ұмтылысына алғыс айтты.