Абзал Әжіғалиев: Қысқы спорт қазақтікі емес деген стереотипті жойғым келді

Осының алдындағы маусымның көбін денсаулығыма байланысты өткізіп алдым. Олимпиада іріктеулері маған қиын болды. Соған қарамастан, бабыма келдім. Бүгін қазақ халқын қуантқым келді. Өйткені Қазақстанда шорт-тректі ешкім білмейді. Адамдар олимпиада кезінде бірінші рет көріп жатыр. Бізде жазғы олимпиададан спортшылар көп, соларды көп көрсетеді, қысқы спортты аз көрсетеді. Біздің шорт-трекшілер әлем кубоктарында жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр. Біз үздік он командаға кіреміз, бірақ, соған қарамастан, шорт-трек — жас спорт, ешкім білмейді. Бүгінгі арманым — шорт-тректі бәрі танып, қандай спорт екенін білгенін қалаймын. Қысқы спорт қазақтардікі емес деп айтады ғой, сол стереотипті жойғым келді. Біз де коньки тебе аламыз, жанкүйерлерді кішкене қуанттым деп ойлаймын. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым, көп-көп рақмет, — деді ол Olympic.kz-ке беген сұхбатында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

Абзал Әжіғалиев Бейжің олимпиадасында шорт-тректен 500 метрге жүгіруден ерлер арасында 4-орын алды. Спортшыға 30 мың доллар сыйақы беріледі.

Абзал Әжіғалиев әзірше қазақстандық шорт-трекшілердің олимпиададағы ең ірі жетістігін тіркеп отыр. Бұған дейін отандық шорт-трек шеберлері олимпиадада үздік төрттікке енген емес.