Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ведомство басшысы сол қалыпты жұмыс істеп жатыр, – делінген Polisia.kz хабарламасында.
Мұның алдында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен кеткені жөнінде ақпарат пайда болды. Telegram-дағы каналдар Ерлан Тұрғымбаевтың орнына ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков тағайындалады деп болжаған.