Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина президенті жалпы жұмылдыруды жариялаудың қажеті жоқ екенін айтты.
Мен ерекше кезеңде резервшілерді шақыру туралы жарлыққа қол қойдым. Біз тек жедел резервке жатқызылған азаматтар туралы айтып отырмыз. Біз Украина армиясының жедел ортадағы барлық ықтимал өзгерістерге дайындығын арттыруымыз керек, — деді Владимир Зеленский видеохабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин ел азаматтарына үндеу жасап, Луганск пен Донецк халық республикаларының егемендігін тану туралы шешім қабылдады. Үндеуден кейін Владимир Путин Кремльде ЛХР мен ДХР-ды тану туралы жарлықтарға қол қойған болатын.
Украина президенті Владимир Зеленский халыққа үндеуінде елдің халықаралық деңгейде танылған шекарасы өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді.