Украина президенті: Елдің халықаралық шекарасы өзгеріссіз қалады

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Бізде және біздің мемлекетімізде тарихтан ұзақ лекция оқып тұратын уақыт жоқ, сондықтан өткенді еске алмаймын. Қазіргі және болашаққа қатыстыны айтамын. Украина өзінің халықаралық танылған шекараларында және Ресей федерациясының қандай да бір мәлімдемелері мен әрекеттеріне қарамастан, солай қала береді, — деді Владимир Зеленский үндеуде.

Еске салайық, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин ел азаматтарына үндеу жасап, Луганск пен Донецк халық республикаларының егемендігін тану туралы шешім қабылдады. Үндеуден кейін Владимир Путин Кремльде ЛХР мен ДХР-ды тану туралы жарлықтарға қол қойған болатын.