Владимир Путин ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындады

Ол Украинаның қалай құрылғанын және оған байырғы Ресей территорияларының қалай өткенін айтты.

Қазіргі Украинаны тұтастай және толығымен большевиктер, коммунистік Ресей құрды, — деді Владимир Путин өз үндеуінде.

Үндеуден кейін Ресей президенті Кремльде ЛХР мен ДХР-ды тану туралы жарлықтарға қол қойды.

Владимир Путин мен ДХР басшысы Денис Пушилин Ресей мен Донецк халық республикасы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге қол қойды. Содан кейін Путин мен ЛХР басшысы Леонид Пасечник Ресей мен Луганск халық республикасы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге қол қойды.

Өз кезегінде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон ДХР мен ЛХР-ны тану «халықаралық құқықтың бұзылуы» деп атады.

Донецк және Луганск республикаларын тану — халықаралық құқықтың айқын бұзылуы, бұл егемендік пен аумақтық тұтастықты бұзу және Минск келісімдерінен бас тарту. Менің ойымша, бұл жамандықтың белгісі. Бұл жағдай дұрыс емес бағытта дамып келе жатқанының тағы бір белгісі. Ұлыбритания украин халқына қолдау көрсету үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды, — деді Борис Джонсон.