28 мың турист Универсиадаға жете алмай жатыр

Негізі ұйымдастырушылар 30 мың турист келеді деп күткен еді.

Кеше ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі статистикалық деректер келтірді. Сәрсенбі күнгі мәлімет бойынша Алматыға 66 мемлекеттен 2100 турист келген. Ал қалған 28 мың турист неліктен кешігіп жатқаны әзірге белгісіз. Жалпы, олардың Алматы келу-келмеуі де белгісіз. Универсиаданың аяқталуына 7 күн қалды. Ұйымдастырушылар Универсиада басталғанша әлемнің түкпір-түкпірінен 30 мың турист келеді деп мәлімдеген еді. Соған қарағанда бұл болжамдары жүзеге аспайтын тәрізді.

 

ДереккөзBaq.kz