Басты бетЖаңалықтарНаурыз айында...

Наурыз айында ауа райы қандай болады?

Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның көптеген аймағына күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді.

Алдын ала болжам бойынша, наурыз айы жылы және жауын-шашынды болады. Ауа температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық нормадан 1-2%-ке жоғары, Атырау облысының батысында және солтүстік-батысында нормаға жақын болады деп болжанып отыр.

Наурыздың кей күндерінде еліміздің солтүстігі мен шығысында күндіз ауа температурасы 10 градустан 20 градусқа дейін көтеріледі.

Наурыздағы жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жақын болады. Солтүстік Қазақстанның басым бөлігінде, БҚО, Қостанай, Ақмола облыстарында және Ақтөбенің солтүстігінде жауын-шашын нормадан артық жауады. Солтүстікте және шығыста аралас, елдің оңтүстігі мен батысында орташа деңгейде жауады,- делінген хабарламада.