Алматы әуежайына шабуыл жасағандар ұсталды

Жедел іс-шаралар кезінде Алматыдағы Шаңырақ ықшам ауданында екі адам ұсталды. Олардан бес мың пистолет және автомат патрондары бар цинк жәшіктер, қорғаныс кеудешесі, қалқан, тізе қорғағыштар түріндегі арнайы құралдар, екі танкіге қарсы снаряд, тегіс ұңғылы қару, жеті пневматикалық винтовка, оның ішінде біреуі оптикалық көздегішімен және пневматикалық пистолет алынды,- деді тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Сонымен қатар ол Алматыдағы бүлік кезінде күдіктілер тобы жеңіл автокөлікпен «Оружейник» аңшы дүкеніне келіп, дүкеннің кіреберіс есігін сындырып, 15 тегіс ұңғылы қару мен 4 ойық ұңғылы карабинді, оның ішінде оптикалық көздегішті жымқырғанын атап өтті.

Күдіктілер ұрланған қаруды одан әрі сату мақсатында Алматы мен Алматы облысы аумағында арнайы жабдықталған орындарда заңсыз сақтаған. Тергеу барысында көрсетілген адамдардың Алматы әуежайын шабуылдауға және қиратуға қатысқаны анықталды,- деді Санжар Әділов.