Алматыда тәртіпсіздік кезінде көлік ұрлағандар ұсталды

1986 жылы туған азамат 6 қаңтарға қараған түні жаппай тәртіпсіздіктерді пайдаланып, үш танысымен Сүйінбай даңғылындағы сауда үйі маңында тұрған ВАЗ-2114 маркалы автокөлікті ұрлап кеткен. Алайда көлік Талғарға барар жолда ұсталды, — делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер бөтеннің көлігін заңсыз иелену фактісі бойынша қылмыстық істі Жетісу аудандық полиция бөлімі тергеп жатқанын айтты. Күдіктілер қамауға алынды.

Ж. есімді азамат бұрын бірнеше рет сотталған. 14 жасында 175-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша 1 жыл мерзімге сотталып, Петропавл балалар колониясында жазасын өтеген; 2003 жылдан 2005 жылға дейін қылмыстық кодекстің 124-бабы «Зорлау» бойынша жазасын өтеген; 2006 жылдан 2014 жылға дейін қылмыстық кодекстің 120-бабы «Зорлау» бойынша Таразда жазасын өтеген, — делінген хабарламада.