Бұл туралы үкіметтің ресми сайтында хабарланды.
Реформалау жоспарына сәйкес, Қазақстанның даму банкі стратегиялық және экономикалық маңызы бар индустриялық өндірістерді қаржыландыруға басымдық береді. Ондай инвестициялық жобалар капиталды көп қажет етеді және өтелу мерзімі ұзақ болады.
Қазақстанның даму банкі жаңа өндіріс орындарын құру жобаларын қаржыландыруға маңыз беруі тиіс. Қызметтің ашықтығын арттыру, бизнес-процестерді оңтайландыру, цифрландыру мен банк қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет, — деді Әлихан Смайылов.
Айта кетейік, қаңтар айында өткен мәжіліс отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның даму банкін сынға алып, «достарына жағдай жасайтын банк» деп атаған.
Мемлекет басшысы Қазақстанның даму банкінің қызметін қайта қарап шығуды тапсырды.
Үкімет мемлекеттік қолдау шараларының тәртібін өзгерту тиіс. Негізгі міндет – қыруар қаржының тиімділігі мен ашықтығы. Аймақтардағы шағын және орта бизнестің дамуына басымдық берілуі шарт,- деді президент.