Мобильді топтар тексерулер нәтижесінде соңғы бес күнде жалпы тұтыну қуаты 202 мегаватт болатын 13 майнинг ферманы анықтап, жұмысын тоқтатты, — делінген хабарламада.
Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыру фактісі сегіз өңірде тіркелді:
- Қарағанды облысында жалпы қуаты — 31,3 мегаватт
- Павлодар облысында — 22 мегаватт
- Түркістан облысында — 3,28 мегаватт
- Ақмола облысында — 1,03 мегаватт
- Қостанай облысында — 0,82 мегаватт
- Нұр-Сұлтанда — 1,8 мегаватт
- Алматыда — 3,5 мегаватт
- Шымкентте – 4 мегаватт
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында жалпы қуаты — 91 мегаватт, Қарағанды облысында — 44 мегаватт энергияға шектеу енгізілгені анықталды.
Ведомство майнинг фермаларын анықтау және электр желілерінен ажырату бойынша мобильді топтың жұмысы жалғасатынын атап өтті. Анықталған майнинг фермалары бойынша тергеу іс-шараларын жүргізіледі.
