Курстың түсуі теңгенің нығаюынан емес, доллардың әлсіреуінен

Апта басынан бері төмендеген теңгенің курсына әсер етуші негізгі фактор АҚШ экономикасындағы ішкі ахуал. Трамптың көші-қон қаулысынан кейін Нью-Йорк қор биржасында америкалық ірі компаниялардың акция құны төмендеп кеткен еді. Нәтижесінде доллардың өзіндік құны да бірнеше айлық минимумға құлдырады. Нәтижесінде теңгенің долларға шаққандағы бағамы да бір жылдық ең төменгі көрсеткішке түскен болатын.

Ал Брент маркалы мұнай құны өткен аптадан бері тұрақтылығын сақтап тұр. Апта басындағы АҚШ-тағы бұрғылау құрылғыларының көбейгеніне байланысты шыққан ақпараттан кейін баға шамамен 30 центке дейін құлдырағанымен, кеше қайта қалпына келіп, бүгін Астана уақытымен 13:00 де Бренттің бағасы 55,58 долларға теңесті.

Жалпы, мұнай бағасының тұрақталуын сарапшылар ОПЕК елдерінің өндірісті азайту туралы келісімінің орындалуымен түсіндіреді.

ДереккөзNaryk.kz