Түрікменстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

Бір күн бұрын парламенттің жоғарғы палатасының кезектен тыс отырысында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов жас басшыларға мемлекетті басқаруға жол ашу керегін айтқан.

Түрікменстандағы БАҚ-тарының хабарлауынша, осыған байланысты сайлау мен референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссияның төрағасына Түрікменстан конституциясы мен заңнамасы бойынша тиісті жұмысты бастау тапсырылған.

Түрікменстан президентінің тапсырмалары бойынша елдің орталық сайлау комиссиясы 12 наурызда өтетін кезектен тыс президент сайлауына дайындықты бастады, — деп жауап берген РИА НОВОСТИГЕ Түрікменстан орталық сайлау комиссиясы басшысының көмекшісі телефон арқылы.

Түрікменстан президенті болып сол елде дүниеге келген, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді меңгерген, кейінгі 15 жыл ішінде мемлекетте тұрақты тұратын және жұмыс істейтін азамат сайлана алады. Түрікменстан президентін халық жеті жыл мерзімге сайлайды және ол ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.

Кейінгі рет Түрікменстан президентін сайлау 2017 жылы өтті. Заң бойынша келесі сайлау 2024 жылы өтуі керек еді.