Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылқы мен тазы сыйлады

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

Ашхабадтағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ақалтеке арғымағын сыйлады. Бұдан бөлек, еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты, — деп жазды Берік Уәли.

Айта кетейік, кеше, 24 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды.