Арман Қырықбаев Алматы әкімдігіне оралды

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен ҚР президенті әкімшілігінің келісімі бойынша 2022 жылғы 11 ақпанда Алматы әкімінің орынбасары болып Қырықбаев Арман Оразбайұлы тағайындалды, — делінген хабарламада.

Арман Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Целиноградта дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясының түлегі. Мамандығы — халықаралық экономист. Мемлекеттік қызметте, мәдениет және жастар саясаты саласында 25 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.

2015 жылғы қазаннан 2019 жылғы шілдеге дейін Алматы әкімінің ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар саясаты, тілдерді дамыту және басқа да мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Кейінгі атқарған қызметі – Nur Otan партиясының хатшысы.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов қызметінен босатылғаны хабарланған еді.