Гүлшара Әбдіқалықованы қаңтардағы митингіге қатысқандар қоршап алған

Қызылорда облысы полиция департаменті өңірдегі қаңтар оқиғасының хронологиясын баяндайтын видео жариялады.

Материалда митингіге қатысқандар ешкімді тыңдамастан Гүлшара Әбдіқалықованы қоршап алғанын, кейін облыс әкімі полиция күшімен ғана эвакуацияланғаны айтылады.

Оқиға 4 қаңтарда болған.

Сағат 20.00-де митингіге шыққандардың саны 1,5 мыңға жуық болды. Олар көше ортасында сахна, дыбыстық динамиктер қойып, кезек-кезек сөз сөйледі, кейбір демонстранттардың мас күйінде болғаны байқалды. Жиналғандармен кездесуге Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова келді. Алайда оның келіссөздері сәтсіз аяқталып, агрессив адамдар балағат сөздер айтып, ешкімге құлақ аспады. Олар әкімді қоршап алған уақытта полиция департаменті арнайы бөлімшелерінің күшімен эвакуацияланды, — делінген полиция департаменті таратқан видеода.

Айта кетейік, Гүлшара Әбдіқалықова — Қазақстандағы облыс әкімі болған бірінші және жалғыз әйел. Қызылорда облысында туған. Биылғы мамырда 57 жасқа толады. Ол бұл қызметке 2020 жылы 28 наурызда тағайындалды.