Бүгін Мәскеуде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр. Келіссөз барысында екі ел арасындағы көпжоспарлы стратегиялық серіктестіктің даму перспективалары қарастырылады, — делінген жазбада.
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысының жазуына қарағанда, кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасайды.
Бұл шара Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 18.00-ден кейін «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, — деп жазды Берік Уәли.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10-11 ақпан күндері Ресейге жұмыс сапарымен баратынын хабарлаған едік.