Павлодар мұнай-химия зауытының директоры ұсталды

Павлодар облысы бойынша қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаментімен дизель отынын өндіру процесін компаундирлеу бойынша «ПМХЗ» ЖШС функцияларын аутсорсингке заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры О.Б.Әлсейітов және басқа да тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, —  делінген агенттік таратқан хабарламада.

«ПМХЗ» ЖШС директоры Оспанбек Әлсейітов мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен екі ай мерзімге күзетпен ұсталады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабы тәртібінде тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етілмейді.