17 жасқа дейінгі балалар ел ішінде тегін ұша алады. Талабы қандай?

Елімізде 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап осы туралы қаулы күшіне енді, құжат бойынша екі жастан 17 жасқа дейінгі балалар ұшақта тегін ұша алады.

Қаулының негізгі мақсаты – қазақстандықтардың отбасы болып еліміздегі курорттарда демалуына жағдай жасау.

Бұл үшін мемлекет екі жастан 17 жасқа дейінгі балаларға сатып алынған әуебилеттерінің құнын субсидиялайды.

Енді балалар Қазақстанның кез келген жеріне тегін ұша алады. Жалғыз талап – демалыс ұзақтығы қандай болса да, билетті туристік агенттен сатып алуы қажет. Билеттің құнын алдымен туристік компания төлейді, — деп жауап берді Kazakh Tourism SPUTNIK ҚАЗАҚСТАН ақпарат агенттігіне.

Осылайша, балаларға билетті тегін алу шарттары жеңілдетілді: бұрын Қазақстанның 10 курорттық бағыты бойынша және ұзақтығы кемінде төрт түн болатын демалыс үшін билет құнын өтеу жоспарланған.