Министр карантин қандай жағдайда 7 күннен кейін аяқталатынын айтты

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, вирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған және симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды.

7 тәуліктен кейін ПТР-тест теріс нәтиже көрсетсе, карантин аяқталады. Егер қандай да бір себептермен 7 тәуліктен кейін ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин қосымша тест тапсырусыз 10-шы күні аяқталады, — деді министр Үкімет отырысында.

Ажар Ғинияттың айтуынша, бұл өлшемшарттар бас мемлекеттік санитар дәрігердің шектеу шаралары, жұмыс ережелері мен Ashyq-тағы мәртебенің өзгеруін айқындайтын қаулыларында көрініс тапты.