Алматы «қызыл» аймақта: карантин шектеулері күшейеді

Оның айтуынша, жаңа жылдың басынан бері «омикрон» штамының пайда болуына байланысты қала тұрғындары арасында күн сайын коронавирус жұқтырушылар саны артып келеді.

Алматы бүгін «қызыл» аймаққа кірді. Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Алматыда шектеу шараларын қатаңдату 5 күн ішінде, мүмкін одан бұрын қабылданады. Әрине, бұл — қаладағы кейінгі оқиғалар кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындарға қосымша салмақ, бірақ коронавирус ешқайда кеткен жоқ, вакцина салғызбағандар оны өте көп жұқтырып жатыр. Алдағы уақытта жоспарланған карантин шектеулерін енгізу күні туралы  қосымша хабарланады,- деді Сәдуақас Байғабылов.