Коронавирус: «көк» статусы барлар үшін бірқатар шектеу алынып тасталды

Эпидемиология аймағына қарамастан «көк» статусы бар болған кезде отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автовокзалдарға, халыққа қызмет көрсету орталықтарына, «Қазпошта» АҚ бөлімшелеріне, банктерге, асханалар түріндегі қоғамдық тамақтану объектілеріне, жабық базарларға, білім беру ұйымдарына, СПА-орталықтарға, сән салондарына, облысаралық, облысішілік, қалалық тасымалдауларға шектеусіз кіруге рұқсат етіледі, — деді Ажар Ғиният.

Министрдің айтуынша, «көк» статусы бар келушілердің кіруіне рұқсат берілген бірқатар объектілер үшін «жасыл» аймақта шектеулер алынып тасталады.

«Сары» аймақта 70%-ға дейін, «қызыл» аймақта 60%-ға және мейрамханалар, мәдени объектілер, балалар мен ересектер үшін сауда, және ойын-сауық орындары бойынша толымдылық ұлғайтылды.

Елімізде пандемияның бүкіл кезеңінде бизнестің барлық салаларында карантин шараларының мұндай кең ауқымды жеңілдіктері болған жоқ, — деді министр.