Басты бетҚоғамШетелдегі барлық...

Шетелдегі барлық азамат 19 қаңтарға дейін елге оралады

6-17 қаңтар аралығында Қазақстанға 90-ға жуық тұрақты және 30 чартерлік авиарейс арқылы 7 361 турист қайтарылды.

17 қаңтардағы рейстердің кешігуіне байланысты 275 турист, оның ішінде Тайландтан 192, Шри-Ланкадан 25, Мальдивтен 34 және Гоадан 24 турист елге оралады деп күтіліп отыр.

Шетелдегі барлық туристерге рейстердің ауысатыны туралы хабарланды.

Туроператорлар өздерінің есебінен, Қазақстанның елшіліктері арқасында туристтерді шетелдік қонақүйлерде орналастыруды қамтамасыз етті. Қазақстанға келетін туристерді тасымалдау және орналастыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды, — делінген ведомство таратқан хабарламада.