Басты бет / Жаңалықтар /
шекара
Фото: Qazaqtimes.com

Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған қырғызстандық ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 14 қаңтарда «Қордай» өткізу пунктінде жеңіл автокөлік мінген Қырғызcтан азаматы ұсталды. Тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан 50  әріптік мөр, 4 дана шетелдік паспорт пен 20 дана банк картасы табылды.

Күдікті азамат Қордай аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Жамбыл облысының шекарашылары мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерден атыс қаруы жасырылған орын тапты. Қоймадан 4 тапанша,  6 мылтық және тегіс ұңғылы қару алынды. Тергеу жүріп жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook