Арманжан Байтасов, Аружан Саин. «Қазақстан халқына» қорының кеңес мүшелері кімдер?

«Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы лауазымына Юрий Пя сайланған.

Қамқоршылық кеңес құрамы:

  • Юрий Пя — University Medical Center корпоратив қорының төрағасы, қамқоршылық кеңес төрағасы;
  • Аружан Саин — ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «Қайырымдылық» ерікті қоғамы» қорының директоры;
  • Бақыт Байғалиева — «Орфандық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету қауымдастығы» ЗТБ төрағасы, құрылтайшысы;
  • Саида Таукелева — «Қоғамдық бақылау және мониторинг» РҚБ басшысы, құрылтайшысы;
  • Эльмира Әлиева — Help Today қайырылымдық қоры төрағасы;
  • Ләззат Чинкисбаева — «Менің Атамекенім» ҚБ атқарушы директоры;
  • Владислав Трифонов — «Шексіз өмір» қоғамдық бірлестігі;
  • Ирина Смирнова — ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері
  • Роза Сүлейменова — «САТР» ЖШС бас директоры;
  • Алмаз Ержан — қоғам қайраткері, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғаушы;
  • Ораз Жандосов — «Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры, экономист;
  • Олжас Құдайбергенов — Center for strategic initiatives консалтинг компаниясының аға серіктесі;
  • Арманжан Байтасов — Tan Media Group компаниясының иесі, меценат;
  • Қайырбек Сүлейменов — «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы.

Еске салайық, кеше, 15 қаңтарда «Қазақстан халқына» қоры құрылды. Қор төрағасы қызметіне мемлекет қайраткері, белгілі қаржыгер Болат Жәмішев сайланды.