Қасым-Жомарт Тоқаев Юрий Пяны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ғылыми кардиохирургия ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Юрия Пя Мемлекет басшысына орталық жұмысының нәтижелері мен жетістіктері және алдағы даму мүмкіндіктері туралы мәлімет берді. Юрий Пяның айтуынша, жұмыс істеп тұрған орталықтың негізінде ірі ғылыми-зерттеу және білім беру мекемесі құрылады. Жоба халықаралық серіктестермен бірлесе жүзеге асырылады.

Президент орталықтың дамуына ұдайы қолдау көрсететінін және еліміздегі медицина қызметінің сапасын арттыра түсудің өте маңызды екенін айтты.