Алматы әкімі орны толмас қайғыға байланысты марқұм қыздың әкесі Айдос Мелдіханұлы мен анасы Динара Адамоваға көңіл айтты.
Тәртіпсіздік кезінде 4 жасар Айкөркем қайтыс болды, ал оның 15 жасар әпкесі Жәнел жарақаттанған, қазір жан сақтау бөлімінде жатыр.
Бақытжан Сағынтаев Жәнелдің сауығып кетуін, ата-анасына төзімділік пен шыдамдылық тіледі.
Қала әкімі отбасына материалдық көмек берілетінін айтты. Сонымен бірге көпбалалы отбасы 3 бөлмелі пәтер беріледі.