Президент елдегі тәртіпсіздік пен терроризмге қатысты шындыққа жанаспайтын ақпараттың тарауының бірнеше себебін айтты.
Өкінішке қарай, халық арасында осы оқиғаға байланысты түрлі қарама-қайшы, шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат тарап жатқанын көріп отырмыз. Әрине, мұның бірнеше себебі бар. Кейбір азамат ахуалды егжей-тегжейлі білмей тұрып, қате пікірде болса, кейбірі әдейі ақпаратты бұрмалап, жағдайды одан бетер ушықтырды, бірақ бізге керегі — тек ақиқат, — деді президент Мәжіліс отырысында.
Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев лаңкестер ісін бірнеше жыл бойы алдын-ала ойластырылған зұлымдық екенін айтты.
Олардың көздегені өздерінің қатігез пиғылдарын іске асыру болғаны айдан анық, — деді мемлекет басшысы.
