Әлихан Смайылов премьер-министр болды

Әлихан Смайыловтың кандидатурасын Мәжіліс депутаттары бірауыздан қолдады.

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалсын, — делінген құжатта.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр қызметіне Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынған еді.

Ол — тәжірибелі маман, еңбекқор мемлекеттік қызметші. Статистика жөніндегі агенттіктің төрағасы, президенттің көмекшісі, қаржы министрі, премьер-министрдің бірінші орынбасары болды. Қазақстан экономикасының болашағы туралы көзқарасы дұрыс, нақты жоспары бар. Әлихан Асқанұлы Үкіметтің жұмысын өте жақсы біледі, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.