Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін сынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысын сынады.

Жыл басынан бері болған барлық жағдай бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар. Ашығын айтсақ, бұл бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі. Олардың көздегені – өздерінің қатыгез пиғылдарын іске асыруға болғаны айдан анық. (…) Ұлттық қауіпсіздік кеңесі уәкілетті орган ретінде бұл іріткіге нақты баға бере алмады және бергісі де келмеді. Ұлттық қауіпсіздікке төнген маңызды қауіпті байқамады, — деді президент Мәжіліс отырысында.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр қызметіне Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды. Жаңа үкімет басшысының кандидатурасын Мәжіліс депутаттары бірауыздан қолдады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да