Алматы облысында жол апатынан үш жасөспірім қаза тапты

Бұл туралы облыстың Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2 қаңтар күні сағат 22.20-да Панфилов ауданындағы Әулиеағаш ауылының маңында Nissan Cefiro көлігінің қатысуымен жол апаты болды.

Көлікті Көктал ауылының 15 жастағы тұрғыны басқарған. Көлік Көктал — Әулиеағаш тасжолында аударылған. Оқиға орнында жүргізуші мен 14-15 жастағы екі жолаушы қаза тапты. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақаттармен орталық аудандық ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлады полициядан.

Полиция дерегі бойынша ҚР қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық іс қозғалды. Көлікті басқаруға құқығы жоқ кәмелетке толмаған жүргізушіге жол берген көлік иесіне қатысты ҚР қылмыстық кодекстің 349-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да