Алматыда 22 мыңнан астам оқушы Pfizer вакцинасын салдырды

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

30 желтоқсан күні 3 138 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 30 желтоқсан аралығында қалада 1 049 774 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін,1 011 684 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 123 372 адамның жасы 60-тан асқан,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 30 224 адам салдырды. Оның ішінде 1 669 жүкті әйел, 6 054 бала емізетін ана және 22 501 жасөспірім бар.

Ревакцинациядан 6 559 алматылық өтті. Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 756 адамнан тұратын 201 егу бригадасы бар.

Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді, — деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да