Заңының жобасы мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуын қысқартуға, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, сонымен қатар тауар нарықтарына кіру үшін әкімшілік және экономикалық кедергілерді қысқартуға бағытталды.
Аталған заң жобасын Мәжіліс 8 желтоқсанда мақұлдады және ол Сенатқа қабылданған 152 позициямен жіберілді. Сенат енгізген түзету нақтылау сипатына ие, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасы мен мазмұнын өзгертпейді. Комитет «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенаты енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады, — деді Мәжіліс депутаты Самат Ақышев.
Құжатты қарау кезінде палата депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірді.
