Астанада Батырхан Шүкенов атындағы мемориал ашылады

Бұл туралы Нұр-Сұлтанның урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен мәлімдеді.

Еске салайық, жазда Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатуға арналған идеялар байқауы жарияланған еді. Бірнеше нұсқа қарастырылды. Кейін Нұр-Сұлтан әкімдігінің қалалық урбанистика орталығының Батырхан Шүкенов қорымен бірлескен жұмысының нәтижесінде саябақ аймағында шығармашылық кеңістік түрінде мемориал жасау туралы шешім қабылданды. Жоба жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады.

f4237056180093e826786b3b16059a1a Астанада Батырхан Шүкенов атындағы мемориал ашылады

Авторлардың ойынша, бұл — Ольга Веселова, Ладо Ломиташвили, Әсел Есжанова, павильонды жоғарыдан қарайтын болсақ, барлығының сүйікті орындаушысының атын көруге болады. Тақырыптық алаңда серуендеп, шығармашылыққа бір табан жақындауға болады, — деп түсіндірді урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

a2890cf21c8f94dc6a5756982d0707b7 Астанада Батырхан Шүкенов атындағы мемориал ашылады

Аталған алаңда павильондар салу жоспарланып отыр, онда ғылыми-танымал дәрістер өткізіледі, паблик-арт бойынша жазғы мектеп, концерттер, театр қойылымдары, көркем перформанстар мен қойылымдар жұмыс істейді.

07bd21e2286dd4260f69207be2b24dc2 Астанада Батырхан Шүкенов атындағы мемориал ашылады

Батырхан Шүкенов атындағы мемориалды 2022 жылы ашу жоспарланып отыр. Халықтың сүйікті әншісі 2022 жылдың 18 мамырында 60 жасқа толар еді.

Астана әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша соңғы жылдары 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылды.

b5b0fb93c7e9be216ef69c1ead037f49 Астанада Батырхан Шүкенов атындағы мемориал ашылады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да