Талғат Аманбаев Kazakh Tourism басшысы болды

Талғат Аманбаев 1987 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген, Блумингтондағы Индиана университетінде «Болашақ» президенттік стипендиясы бойынша білім алған, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген.

2011-2012 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2012-2013 жылдар аралығында «КАЙКО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары қызметін атқарды.

2013-2015 жылдар аралығында «RVL» РМК бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бөлімінің басшысы, IT бөлімінің жетекшісі қызметтерін атқарды.

2015–2017 жылдары жеке кәсіпкерлікпен шұғылданды, Grow IT жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директоры қызметін атқарды.

Kazakh Tourism ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы құрылған күннен бастап аталған компанияда жұмыс істеді: 2017 жылы Цифрландыру департаментінің директоры, 2019 жылдан 2020 жылға дейін Маркетинг, коммуникация және цифрландыру департаментінің директоры қызметінде болды, 2020 жылдың шілдесінен бастап Қоғам басқарушы директоры — басқарма мүшесі қызметін атқарды.