Басты бет / Жаңалықтар /
Жол жабылды
Фото: Pavlodarnews.kz

БҚО-да боранға байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 26 желтоқсан күні сағат 11.10-нан бастап республикалық маңызы бар Подстепный-Федоров-РФ шекарасы жолында (0-144 км) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Жабылу себебі — қатты боран.

Қазіргі кезде облыс бойынша республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы, Самара-Шымкент (Орал қаласынан Ресей шекарасына дейін), сонымен қатар облыстық Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы, Үлкен Шаған-Переметный жолдары жабық.

БҚО өтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, облыс бойынша жолда қалған автокөліктерден бірнеше адам құтқарылды.

Орал қаласының өзінде боран соғып тұр.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram