Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова қамауға алынды

Бұл туралы жергілікті «Ақ Жайық» басылымы хабарлады.

Мұндай бұлтартпау шарасын Атырау облысының соты 22 желтоқсанда санкциялады. Енді Бақытгүл Хаменова екі ай тергеу изоляторында отыруы керек.

Бақытгүл Хаменованы тұтқындау туралы Атырау облысының прокуратурасы өтініш білдірді.

Айта кетейік, 12 желтоқсанда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі («қомақты мөлшерде пара алу») бойынша тергеліп жатыр.

Бақытгүл Хаменова мен облыстың мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.