Атырау облысы әкімі орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталды

Олар Атырауда 145 миллион теңге сомасына Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысынан алдын ала сөз байласу арқылы 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Күдікті ұсталып, Атырау полиция басқармасына уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді, — деді ведмство өкілдері.

Бұған дейін «Ақ Жайық» басылымы Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталуына қатысты істің мән-жайын анықтаған болатын.

10 желтоқсанда шенеунік жауап алынғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол пара алды деген күдікке ілінгені хабарланды.