Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова үйқамаққа алынды

«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, тергеудің қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылмады.

Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс Қазақстан Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі «Қомақты көлемде пара алу» бойынша тергеліп жатыр.

Егер Бақытгүл Хаменованың кінәсі сотта дәлелденсе, параның 60 еселенген көлемінде айыппұл төлеуі немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін Бақытгүл Хаменованы Атырауға Нұр-Сұлтаннан арнайы келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бір топ қызметкері ұстағаны хабарланған болатын.